
Берн, 2024 жылғы 22 мамыр - Елшіліктің қолдауымен бейнеконференцбайланыс арқылы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы өзара түсіністік туралы үкіметаралық Меморандум жобасының келісімі бойынша ҚР Бас прокуратурасы мен Швейцарияның Федералдық Әділет кеңсесі арасында пікірталастар өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара құқықтық көмек саласындағы, оның ішінде заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі ынтымақтастықты едәуір кеңейтуді көздейтін Меморандум мәтіні келісілді.