
Швейцариядағы Қазақстан Елшілігі қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 27 маусымда Цюрих Университетінің академиялық ортасы өкілдерінің, Абай шығармашылығын бағалайтын швейцариялықтардың, Швейцарияда оқып жатқан Қазақстан студенттерінің, қазақ диаспорасы мен Елшілік достарының қатысуымен «Абай оқулары» атты open-air іс-шарасын өткізді.
Іс-шара Альпі таулары мен Люцерн көлінің қоршауындағы көне Мегган сарайы орналасқан табиғаты көркем Люцерн қаласының маңында өткізілді.
Коронавирус пандемиясына байланысты осындай формат барынша қолайлы және қызықты болып шықты, оның үстіне Абай академиялық қабырғалардан гөрі табиғат аясында жақсы қабылданады емес пе.
Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев «Абай қазақ халқы үшін орыстардың Толстойы, ағылшындардың Шекспирі, немістердің Гетесі сияқты және т.б. екендігін атап өтті, – егер әлем халқы Абай туралы және оның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы білетін болса, онда біз қазақ әдебиеті әлемдік классикалық әдебиетте маңызды орынды иеленді деп айта аламыз».
Цюрих Университетінің антропология және әлеуметтік ғылымдар кафедрасның басшысы, қазақ тілін меңгерген профессор Петер Финке, Абай шығармашылығымен жақсы таныс және Қазақстанды жақсы көреді, ол қазақ әдебиеті мен тарихы үшін Абайдың алатын орны зор екенін атап өтіп, «Абай оқуларына» қатысушылар мен қонақтардың арасында осы іс-шараға қатысып отырғанына ризашылығын білдірді.
«Болашақ» бағдарламасының магистранты Әлішер Тұрсын Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» туындысын қазақ тілінде оқып іс-шараны ашты, содан соң женевалық Adrien Delafontaine Абайдың «Жаз» атты өлеңін француз тілінде оқыды, ал Абай шығармашылығымен таяуда ғана айналыса бастаған Цюрих тұрғыны Mehmet Gundogan «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін неміс тілінде оқып, челлендж жасауды ұсынды, және іс-шараның барлық қонақтары домбраның сүйемелдеуіндегі «Көзімнің қарасы» өлеңімен оқуды аяқтады.
Қазақтың ұлы ақынын еске алуға арналған «Абай оқулары» ақ пейілділік пен достық жағдайында өтті, ол қазақ әдебиетінің танымалдылығын арттырды және барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.