
2024 жылғы 19 қаңтар – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің шақыруымен Ватиканға өзінің алғашқы ресми сапарымен келді.
Cапар Қазақстан-Ватикан қатынастарының жоғары деңгейін, тараптардың екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге мүдделілігін, сондай-ақ өзекті геосаяси сын-қатерлерге қатысты тәсілдердің ұқсастығын растады.
Аудиенция барысында Мемлекет басшысы понтификке бейбітшілік, қақтығыстар мен келіспеушіліктерді тоқтату жолындағы тынымсыз және жанқиярлық күш-жігері үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстан Қазақстанның халықаралық бастамаларын жан-жақты қолдағаны үшін алғыс білдіре отырып, достық, келісім және өзара құрметке негізделген қасиетті Тақпен бұрыннан келе жатқан серіктестікті бағалайтынын атап өтті. Президент Рим Папасы Францисктің 2022 жылы Қазақстанға апостолдық сапары және әлемнің түрлі елдерінен келген қажылар үшін Астанадағы қасиетті месса тек католик қоғамы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы үшін де шын мәнінде тарихи оқиғаға айналғанын атап өтті.
Өз кезегінде Рим Папасы Франциск Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, толеранттылық, үйлесімділік және бауырластық идеяларын ілгерілету ісіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Понтифик тарихи тұрғыдан өркениеттер тоғысында орналасқан көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі католик қауымының туған еліне айналғанын атап өтті.
Ватиканның Мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі хатшы Пол Галлахермен өткен келіссөздер барысында Қазақстанның Қасиетті Тақпен ғылыми зерттеулер, медицина және діни қызмет саласындағы ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.