Қазақстан Елшісі Швейцариядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді

Қазақстан Елшісі Швейцариядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді

2023 жылғы 17 желтоқсан, Женева - Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцариядағы қазақстандықтардың «Бірлік» қауымдастығының белсенділерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірлестіктің қызметін талқылап, зияткерлік, мәдени және спорттық шараларды бірлесіп өткізуді қамтитын 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын белгіледі.

Қазақстан Елшісі «Отандастар» қорының қазақ диаспорасын біріктірудегі рөлін атап өтіп, Елшіліктің қауымдастық жұмысына, әсіресе, қазақ тілін үйрену және қабылдаушы елде ұлттық мәдениетті ілгерілету мәселелерінде көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.