
Женева, 2023 жылғы 17 желтоқсан – 15, 16 және 17 желтоқсанда «Batiment des Forces Motrices» Женева мәдени орталығының сахнасында халықаралық деңгейде танылған «Астана Балет» театрының гастрольдері сәтті өтті.
Мәдени дипломатия орталығында театр ұжымы алғаш рет симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен швейцариялық көрерменге классикалық және ұлттық хореографиялық өнердің үлгілерін ұсынды: Жорж Бизе және Родион Щедриннің музыкасына Альберто Алонсоның «Кармен-сюита» культтік спектаклі, театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахридің Карина Абдуллинаның музыкасына хореографиясындағы «Тағдыр арканы» авторлық мистикалық қойылымы және құрметті қайраткерлер Айгүл Тати мен Мукарам Авахридің хореографиясындағы «Ұлы дала мұрасы» гала-концерті – театрдың визит карточкасына айналған ұлттық бірегейлік туралы терең этнографиялық және бейнелі түсінік.
Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын нығайту мақсатында мәдени алмасуды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Ұлы Дала мұрасы» гала-концертінің маңыздылығын атап өтті. Қазақ көшпенділерінің өмір салтынан шабыттанған бірегей жоба жұртшылықты кең қазақ даласы бойынша саяхат атмосферасына батырды.
Швейцарияның мемлекеттік құрылымдарының, академиялық және іскер топтарының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Конфедерацияның түрлі кантондарында тұратын қазақ диаспорасының өкілдері «Астана Балет» театры әртістерін қошеметпен қарсы алып, ерекше әуендіктік пен сулулығын, шедеврлік орындалуын, сондай-ақ әртістер костюмдерінің әдемілігін, олардың эмоционалдылығы мен энергетикасын атап өтті.
Қазақстан Елшілігі қойылымдар аясында театр фойесінде еліміздің киелі және қайталанбас жер аймақтары туралы «Зерттелмеген Қазақстан» фотокөрмесін ұйымдастырды.