Женевадағы консулдық қабылдау

Женевадағы консулдық қабылдау

Құрметті азаматтар!

2023 жылғы 17 желтоқсанда сағат 12:30-дан 15:30-ға дейін Женева қаласында Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Елшілігі Консулдық бөлімінің қызметкерлері консулдық қабылдауды өткізеді.

Қабылдау барысында консулдық іс-әрекеттер бойынша құжаттарды тапсыру және/немесе Елшілікте сақтауда тұрған құжаттарды алу мүмкіндігі болады.

Қабылдау орны – Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігі (Женева, chemin du Prunier 16, 1218 Grand-Saconnex).

Азаматтарды қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.

Кездесуге жазылу үшін ү.ж. 14 желтоқсан сағат 15:00 дейін форманы толтыруды сұраймыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScEHn5ZWrZzvD4LXNw_11r-2zTXanLv2cNHm-_9XwUoJzy5GQ/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0 немесе электрондық пошта арқылы: consul.ch@mfa.kz.

Тіркеуге қатысты сұрақтарыңыз болса consul.ch@mfa.kz поштасына немесе +41 313101473 арқылы хабарласуыңызға болады.