
Берн, 2023 жылғы 15 қараша – Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес дипломатиялық қызмет ардагері А.Шаяхметов «Құрмет» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік марапатты Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қ.Саржанов Елшілік ғимаратында өткен салтанатты жиында табыс етті.
Қ.Саржанов А.Шаяхметовтың БҰҰ жүйесіндегі көп жылдық жұмыс тәжірибесін, Қазақстанның осы әмбебап халықаралық ұйымға қосылу, БҰҰ институттарымен және құрылымдарымен ынтымақтастықты нығайту және жаһандық форум алаңдарында қазақстандық сыртқы саяси бастамаларды ілгерілету процесіне қосқан үлесін атап өтті.
А.Шаяхметов Қазақстан басшылығына оған көрсеткен абыройы мен сенімі, жетістіктеріне жоғары баға бергені үшін алғысын білдірді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 Қазақстан Заңына сәйкес «Құрмет» орденімен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытудағы сіңірген еңбегі үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады.