Швейцария Федералдық жиналысы Ұлттық кеңесінің Президенті Қазақстанды Республика күнімен құттықтады

Швейцария Федералдық жиналысы Ұлттық кеңесінің Президенті Қазақстанды Республика күнімен құттықтады

2023 жылғы 25 қазан, Берн - Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцария Конфедерациясы Федералдық жиналысы Ұлттық Кеңесінің Президенті Мартин Кандинаспен кездесті.

Қ. Саржанов Ұлттық кеңестің басшысын ү.ж. 22 қазандағы парламенттік сайлаудың өткізілуімен құттықтап, елдегі ауқымды саяси және экономикалық өзгерістермен, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырып, қазақстандық тараптың Швейцариямен өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін білдірді.

Өз кезегінде Швейцария Ұлттық кеңесінің Президенті мемлекет басшылығы мен қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, әділ және гүлденген Қазақстанды дамытуға бағытталған реформалардың табысты жүргізілуін тіледі. Ол екіжақты байланыстарды, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуге жәрдемдесуге дайын екенін айтты.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударып, бұл саладағы әлеуетті іске асыруға өзара мүдделілік білдірді.