
Берн, 2023 жылғы 20 қазан – Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Гримзель жерасты ғылыми-зерттеу орталығында болып, Ядролық қалдықтарды көму жөніндегі ұлттық қоғамының (NAGRA) Бас директоры Маттиас Браунмен және орталықтың директоры Инго Блехшмидтпен кездесті.
450-500 метр тереңдікте орналасқан зерттеу орталығында швейцариялық сарапшылар радиоактивті қалдықтарды геологиялық көму бойынша NAGRA жобаларының кең ауқымымен және терең геологиялық түзілімдерде қойма салу жоспарларымен таныстырды.
Өз кезегінде қазақстандық дипломат объектінің бірегейлігін және халықаралық әріптестермен бірлесіп іске асырылатын жобаларды, сондай-ақ атом-энергетика саласындағы зерттеулердің практикалық маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, қазақстандық тараптың осы саладағы тәжірибе және үздік әзірлемелермен алмасуға мүдделілігін білдірді.