Қазақстан Республикасының Елшісі Лихтенштейн Княздігінде аккредиттелген

Қазақстан Республикасының Елшісі Лихтенштейн Княздігінде аккредиттелген

2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Лихтенштейннің Мұрагер Ханзадасы Алоизге сенім грамоталарын тапсырып, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып аккредиттелген.

Тапсыру рәсімінің аясында Қазақстан Елшісі Ғизатты Мәртебелі Алоиз Мұрагер Ханзадасы және Лихтенштейн Княздігінің Үкімет Кеңесшісі, Сыртқы істер, әділет және мәдениет Министрі Катрин Эггенбергер ханыммен пікірлесті. Тараптар екіжақты қарым қатынастарының және екі елдің халықаралық аренада, атап айтқанда, БҰҰ аясындағы, тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында қаржы-экономикалық және кәсіпкерлік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге көп көңіл бөлінді. Оның ішінде «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы мен Лихтенштейннің қаржы секторы арасындағы ынтымақтастықты келешекте одан әрі дамытуға тиімді көрінеді.

Қазақстан Республикасы мен Лихтенштейн Княздігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 2007 ж. 31 қаңтарда орнатылған. Қазақстандағы Князьдігінің мүддесіне Швейцарияның Елшілігі өкілдік етеді.