
Үстіміздегі жылғы 3 ақпанда «Отандастар» қоры мен ZERDELI білім беру орталығы қазақ тілін қашықтықтан оқыту бойынша бастапқы деңгейдегі қазақ тілі курсін оқытуды бастады. Бір деңгейді аяқтау үшін 4 ай қажет. Оқу жоспары оқуға, тыңдауға және сөйлеуге арналған шығармашылық тапсырмалары бар 45 интерактивті сабақтардан тұрады.
Сабақтар нақты уақыт режимінде мұғаліммен өткізіледі. Сабақ барысында мұғлемге сұрақтар қоюға және басқа қатысушылармен топтасып жұмыс істеуге болады. Онлйан сабақтар Microsoft Teams және Zoom платформалары арқылы өтеді.
САБАҚ КЕСТЕСІ: әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма Қазақстан уақыты бойынша 8:30, 16:00, 17:00 және 18:00, яғни Швейцария уақытымен 04:30, 12:00, 13:00 және 14:00.
Сабаққа қосылу үшін OQ-BILIM арнайы біржақты https://t.me/otandastar_qory Telegram каналына жазылу керек, онда мұғалімдер/үйлестірушілер алдағы сабақ үшін бір күн бұрын сілтемелер мен идентификаторларды орналастырады. Сонымен қатар, WhatsApp-тағы Qazaq tili_Switzerland тобына келесі сілтеме арқылы https://chat.whatsapp.com/IoSlCRos4VZF99pNCIszqC қосылу керек, чаттың құрамында қатысушылармен интерактивтік байланыс орнату үшін қазақ тілінің мұғалімі мен«Отандастар» қорының үйлестірушісі кіреді.
«Отандастар» қоры өзінің әдістемесін әзірледі, осыған байланысты тындаушылардын қосымша оқу материалдары талап етілмейді.
Курс соңында мектеп жасындағы тындаушылар Қазақстандағы жазғы лагерьлерге жолдама алалады.
Қатыспай қалған сабақтарды «Отандастар» қорының YouTube-каналынан келесі сілтеме арқылы
https://www.youtube.com/channel/UCuKN7IPPq7fGjKWz9MjaYYA?fbclid=IwAR3lgbgJQuBSIzbcKVbRHrm1XDv9TudqXgjqGX3sDa96x99EDTZuIbxHULM қайталап көруге болады.