Қазақстан Елшісі Мальта Егеменді орденінің Бас хатшысына сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстан Елшісі Мальта Егеменді орденінің Бас хатшысына сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Рим, 2023 жылғы 11 мамыр -  Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және Мальта Егеменді Әскери орденінің жанындағы қоса атқарушы Елшісі Қайрат Саржанов сенім грамоталарының көшірмелерін Халықаралық байланыстар жөніндегі Бас хатшы Стефано Ронкаға табыс етті.

Елші Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Мальта Орденінің жаңа басшысы Ұлы магистр Джон Данлаптың сайлануына орай құттықтау хатын табыстады. Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны елдің саяси реформалары мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті. Әңгіме барысында ол гуманитарлық, медициналық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін атап өтті.

Өз кезегінде Бас хатшы 2022 жылдың қыркүйегінде Рим Папасы Франциск қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бірегейлігін атап өтті. Оның айтуынша, дінаралық диалогтың дамуы қазіргі әлемнің сын-қатерлерін көрсетеді және Мальта Орденінің мақсаттары мен мүдделеріне сәйкес келеді. Сонымен қатар ол өкілдерінің табысты қалыптасқан алаңға қатысуы Съездің диалогы мен жұмысын ілгерілетуге үлес қосуға мүмкіндік береді деген үмітін білдірді.

Тараптар екіжақты дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу аясында бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Әңгіме соңында Қ.Саржанов Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде Рим Папасы Франциск сөйлеген сөзінде келтірген қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабын жеткізді.