
Швейцарияда тұратын әсем және талантты отандастарымыз – Санди Тоқанова (виолончель) және Ирина Гребаус (фортепиано) Цюрихтегі Zunfthaus zur Waag-да алғашқы рет livestream концертті ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап, оның «Көзімнің қарасы» әнін дуэтпен орындады.
Lifestream концерт жергілікті көрермендер мен Швейцариядан тыс жерлерде көптеген көріністер мен лайктарға ие болды және өз тыңдармандарына қуаныш пен ынта сыйлады.
Біз керемет қазақстандық дуэтімізді мақтан тұтамыз және оларға сәттілік тілейміз!
#Abai175 #BizBirgemiz #AbaiWorld #Kasachstan #StayPositive #UpgratedWorld