Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Қазақстан азаматтарымен бейнеконференцияны ұйымдастырды

Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Қазақстан азаматтарымен бейнеконференцияны ұйымдастырды

Берн қ., 2020 жылғы 30 наурыз. Швейцариядағы Қазақстанның Елшілігі коронавирустық пандемияға қатысты Швейцарияда тұрақты немесе уақытша тұратын қазақстандықтармен Zoom арқылы бейнеконференцияны өткізді.

Конференция барысында Қазақстанның Елшісі Әлібек Бақаев қатысушыларға Швейцария мен Қазақстандағы жағдай туралы, сондай-ақ екі ел басшылығының коронавирустық пандемияға қарсы тұру бойынша қабылдаған шаралары туралы хабарлады. Елшіліктің көрсетілген мерзімдегі жұмысына және қолдау шараларына ерекше назар аударылды.

Сұрақ-жауап сессиясында қатысушылар Швейцариядан Қазақстанға кету бағыттар, Швейцариядан келіп жатқан адамдарға қатысты қандай шаралар өткізуде, жарамдылық мерзімі өткен визаларды ұзарту, болу елдің университеттер кампустарында орындарды сақтау бойынша мәселелерге қызығушылық танытты.

Елшілік болашақта осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.