
Швейцарияда ү.ж. 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілгеннен бері, Елшілік 26 азаматымыздың Швейцариядан Мәскеу, Ыстамбұл және Минск арқылы Қазақстанға кетуіне ықпал етті, олардың ішінде 18 қазақ студенттері.
Қазіргі уақытта Минск ҚР азаматтарының Швейцариядан Қазақстанға оралуының жалғыз дәлізі болып табылады. Алайда, сәуір айынан бастап Поляк әуекомпания Цюрих - Варшава - Нұр-Сұлтан рейсін қайта бастау мәселесін қаралуда.
Қазақстандықтардың көпшілігі ұшу кезінде жұқтыру қаупіне байланысты Швейцарияда қалу туралы шешім қабылдады.
Елшілік Қазақстан азаматтарымен үнемі байланыста. Елшіліктің веб-сайт, әлеуметтік желілер мен телеграм каналы арқылы Қазақстан азаматтары коронавирустық пандемия кезінде Қазақстан мен Швейцарияда қабылданған шаралар туралы ақпаратты тұрақты түрде алып турады.