Қазақстанның Елшісі жетекші швейцариялық БАҚ-тар үшін брифинг өткізді

Қазақстанның Елшісі жетекші швейцариялық БАҚ-тар үшін брифинг өткізді

Берн қ., 2023 жылы 26 қаңтар – Швейцариядағы Қазақстанның Елшісі Қайрат Саржанов Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға арналған  жетекші швейцариялық БАҚ-тар (Radio Television Suisse (RTS), Swissinfo, Nasha Gazeta) үшін брифинг өткізді.

Қазақстандық дипломат 2019 жылдан бастап Қазақстанның Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамаларынан туындайтын елімізде болып жатқан өзгерістерге, сондай-ақ «Әділетті Қазақстанның» даму тұжырымдамасына егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Елдің негізгі саяси өзгерістерін баяндай отырып, ол азаматтардың қолдауымен өткен жалпыұлттық референдум туралы айтты, атап айтқанда мемлекеттік басқаруда жаңа демократиялық құндылықтарды, Президенттің шектеулі өкілеттіктерін, неғұрлым ықпалды Парламентті, тәуелсіз Конституциялық сотты, жаңа саяси партиялар құруды және әкімдерді тікелей сайлаудың негізделгенін айтып өтті.

19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына ерекше назар аударылды. Аталған іс – шара «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес институттарды трансформациялаудың соңғы кезеңі болатынын атап өтілді.

Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын талқылау барысында, Қ.Саржанов көлік және логистика, машина жасау және ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық өзара іс-қимыл перспективаларын атап өтті.

Брифинг аясында Елші журналистердің сұрақтарына жауап берді.