Берн қаласында Республика күніне арналған салтанатты қабылдау өтті

Берн қаласында Республика күніне арналған салтанатты қабылдау өтті

Берн қ., 2022 ж. 8 желтоқсан – Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Республика күніне және Қазақстан мен Швейцария арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанының 30-жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізді.

Іс-шараға Швейцарияның СІМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, болу елінің басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, сарапшылар қоғамдастығының, академиялық және іскер топтардың, сондай-ақ БАҚ пен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

ҚР Елшісі Қайрат Саржанов өз сөзінде қонақтарды Қазақстанда кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың қорытындыларымен және елдегі саяси, экономикалық және энергетика салаларындағы жаңғыртуға бағытталған реформалар туралы хабардар етті. Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестіктің әлеуетіне, атап айтқанда көлік және логистика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және жасыл жобалар саласындағы өзара екіжақты іс-қимыл перспективаларына ерекше назар аударылды. Ол екі елдің халықаралық алаңдардағы жемісті ынтымақтастығын атап өтіп, Швейцарияны 2023-2024 жылдары БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануымен құттықтады.

Кештің құрметті қонағы Швейцария Федералдық сыртқы істер департаментінің Еуразия бөлімшесінің басшысы Елші Анна Ифковиц өз сөзінде қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтап, Қазақстан мен Швейцария арасындағы қатынастардың үйлесімді сипатын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайту маңыздылығын атап өтті.

Қонақтардың назарына ұлттық әуендермен Қазақстан туралы туристік бейнероликтер, сондай-ақ «Белгісіз Қазақстан» атты фотокөрмесі ұсынылды. Фотокөрме Қазақстанның көркем пейзаждары мен мәдениетін бейнелейтін талантты жас фотосүретшілердің жарқын жұмыстарынан құрылды.

Кештің музыкалық бағдарламасының бөлігі сопрано орындау және фортепианода ойнау болды.