
Құрметті отандастар!
2022 жылғы 20 қарашада (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі (мекен-жайы: Tavelweg 2, 3074 Muri bei Bern) жанындағы № 248 дауыс беру учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сайлауға қатысудың кепілі – Сізді сайлаушылар тізіміне қосу. Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі жанындағы № 248 дауыс беру учаскенің тізіміне осы елдің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары енгізіледі.
№ 248 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін өз мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, паспорт нөмірі: берілген күні мен жарамдылық мерзімі, Швейцарияда немесе Лихтенштейнде тұратын мекенжайы, байланыс деректер: телефон, электрондық пошта) bern@mfa.kz электрондық мекенжайына алдын-ала жолдауды немесе ОНЛАЙН САУАЛНАМАНЫ: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdyJyHnNTmcsz6SpluierPC5GH-P2AFM9-tBF6Qap9tPQIc-A/viewform толтыруды сұраймыз.
Елшіліктің: +41 31 310 14 70 телефоны арқылы хабарласып, тізімге қосылғаныңызды тексере аласыз.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу құқығын жүзеге асыруға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтынан, сонымен қатар Елшіліктің кейінгі ақпараттық хабарламаларында таныса аласыз.
Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы қажет.
ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің жанындағы № 248 сайлау учаскесі
Tavelweg 2, 3074 Muri bei Bern