Швейцарияда Абай және әл-Фарабидің мерейтойларына арналған маркалар шығарылды

Швейцарияда Абай және әл-Фарабидің мерейтойларына арналған маркалар шығарылды

БЕРН, 2020 жылғы 6 ақпан – Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Абу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық почта маркаларын шығару туралы бастама көтерді.

Швейцариялық пошта мен пошта маркалары – елдің басты брендтерінің бірі. SwissPost маркалары коллекционерлер мен туристер арасында әсіресе танымал. Швейцарияда бірнеше рет халықаралық филателиялық көрмелер өтті.

Швейцарияда заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта ең танымал байланыс ресурстарының бірі болып табылады. Бұл тек елдің азаматтары мен тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар компанияларға, халықаралық ұйымдарға, федералды, кантондық және муниципалды органдарға да қатысты.

SwissPost пошта қызметтерінің айналымы жылына 2 миллиард хатқа жетеді.

Елшілік шығарылған пошта маркаларын күнделікті іскери хат-хабарларда қолданады. Швейцария бойынша естелік маркаларды тарату бойынша келіссөздер жүргізілуде.