
Базель-Ландшафт кантоны, 2022 жылғы 26-27 тамызда – Ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында, Швейцариядағы Қазақстанның Елшілігі «Qazaq kuresi» қауымдастығы өкілдерінің күрес және альпілік спорт түрлерінің Швейцария федералдық фестиваліне сапарын ұйымдастырды.
Қазақ және швейцариялық балуандар бірлескен демонстрациялық жаттығулар өткізді. Жолдастық жекпе-жек барысында, спортшылар дәстүрлі күрестің ерекшеліктері мен ұқсастықтарымен танысып, күштермен өлшеніп және де тәжірибемен алмасты.
«Qazaq kuresi» Қауымдастығы мен «Швинген федералдық күрес Қауымдастығы» ынтымақтастықты және күрестің ұлттық түрлерін дамыту мүмкіндіктерін, сондай-ақ екі қауымдастық арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайындықты талқылады.
Дәстүрлі күрес екі елде де танымал және мұндай ынтымақтастық Қазақстан мен Швейцария халықтарының бір-бірінің мәдениеттеріне өзара қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.
Анықтама: 2022 жылғы 26-28 тамыз аралығында, Праттельн қаласында, Базель-Ландшафт кантонында Швинген және альпілік спорт түрлерінің федералды күрес фестивалі өтеді. 400000-нан астам қонақ күтіледі.
Қазақстан делегациясының құрамы: «Qazaq kuresi» Даму жөніндегі директоры Ерлан Ауғанбаев, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014 ж. «Qazaqstan Barysy» чемпионы Мухит Тұрсынов және қазақ күрес, дзюдо мен самбодан спорт шебері, 2021 ж. «Нұр-Сұлтан Барысы» алтын жүлдегері Олжас Шынкеев.
Швинген және альпілік спорт түрлерінің федералды күрес фестиваліне қазақстандық делегациясының қатысуы «Switzerland Toursim» федералды агенттігінің қолдауымен өтті.