Астана форматында Сирия келіссөздерінің 18-ші раунды аяқталды

Астана форматында Сирия келіссөздерінің 18-ші раунды аяқталды

2022 жылғы 16 маусым, Нұр-сұлтан қ. – бүгін елордада реттеу кепілгер елдерінің қатысуымен Астана форматында Сирия келіссөздерінің 18-ші раунды аяқталды.

Тараптар Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін сепаратистерге қарсы одан әрі бірлескен күресті растады, сондай-ақ бейбіт тұрғындар арасында құрбан болуға және азаматтық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауға әкелетін террористері белсенділігінің өсуін айыптады. Елдер ИШИМ-ді түпкілікті жоюда да ынтымақтасатын болады.

Қатысушылар Сирия бойынша кезекті раундты Астана форматында 2022 жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтан қаласында өткізуге келісті.

Толығырақ ақпарат осында:

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/389271?directionId=5471&lang=ru