Қазақстан мен Лихтенштейннің парламентаралық келіссөздері

Қазақстан мен Лихтенштейннің парламентаралық келіссөздері

2022 жылғы 14 маусым, Нұр-Сұлтан – Вадуц – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы А.Құспан және осы комитетінің мүшесі, депутаті А.Сарым бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстанның Лихтенштейндегі Елшісі Ә.Бақаевпен бірлесіп Лихтенштейн Князьдігі Ландтагтың сыртқы саяси комиссиясының төрағасы М.Кауфманмен келіссөздер өткізді.

Парламентаралық диалогты дамыту перспективаларын талқылай отырып, тараптар ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және GRECO (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы) шеңберінде өзара іс-қимылды нығайту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Қазақстандық парламентшілер сұхбаттасушыны Қазақстанда референдумның табысты өткізілгені туралы хабардар етті, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалармен таныстырды.

Сондай-ақ, А.Құспан мен М. Кауфман екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде, атап айтқанда, қаржы саласында және АХҚО алаңында айтарлықтай әлеуеттің бар екенін атап өтіп, қажетті шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективаларын талқылады.

Бұл бейне-келіссөздер Қазақстан Республикасы мен Лихтенштейн Князьдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толу қарсаңында (30.08.2007 ж.) өткізіліп, 2015 жылдан бастап екі ел парламентшілерінің алғашқы екіжақты кездесуі болды.