Қазақстан мен Швейцария Президенттері құттықтау хаттарымен алмасты

Қазақстан мен Швейцария Президенттері құттықтау хаттарымен алмасты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Президенті Иньяцио Кассис Қазақстан мен Швейцария арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хаттарымен алмасты. Президенттер ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы әріптестікті одан әрі дамытуға өзара әзір екендіктерін растады.