
Құрметті отандастар!
2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақытпен 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясы, Лихтенштейн Князьдігі, Қасиетті Тақ және Мальта Орденіндегі Елшілігі жанындағы № 248 дауыс беру учаскесінде ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.
Берн қаласындағы ҚР Елшілігінің мекенжайы: Tavelweg 2, 3074 Muri bei Bern
Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев 2022 жылғы 5 мамырда қол қойды.
Қазақстанның 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде сіздің деректеріңіздің болуы осы құқықты іске асырудың кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі жанындағы № 248 дауыс беру учаскенің тізіміне осы елдің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары енгізіледі.
Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізілу үшін азаматтар өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, Швецариядағы және Лихтенштейндегі мекенжайы, байланыс деректері) «Референдум-2022» белгісімен келесі электрондық мекенжайларға ү.ж. 31 мамырына дейін жіберу қажет: bern@mfa.kz және info.ch@mfa.kz (№ 248 учаскесіне тіркелу үшін).
Референдум өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты/жеке куәлігі болуы қажет.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында табуға болады.