Дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің Ислам жөніндегі бюросының басшысына Қазақстанның медалі табысталды

Дінаралық диалог бойынша Папа Кеңесінің Ислам жөніндегі бюросының басшысына Қазақстанның медалі табысталды

2022 жылғы 27 сәуір, Ватикан - Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшісі Әлібек Бақаев Дінаралық диалог жөніндегі Папа Кеңесінің Ислам жөніндегі бюросының басшысы Монсеньор Халед Акашеге «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

Рәсім барысында Қазақстан Елшісі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жұмысына жыл сайын белсенді қатысқаны және мемлекеттер арасындағы байланыстарды кеңейтуге үлес қосақаны үшін Монсеньор Халед Акашеге ризашылығын білдіріп, оған одан әрі кәсіби табыс тіледі.

Өз кезегінде Монсеньор Халед Акаше ҚР Президенті Қ. Тоқаевқа алғысын білдіріп, Қазақстанның діндер, мәдениеттер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын ілгерілетудегі үлесін жоғары бағалады.

Сондай-ақ, Ватиканға жұмыс сапары аясында Елші Ә.Бақаев Қасиетті Тақ Мемлекеттермен қарым-қатынас жөніндегі хатшылықтың өкілдерімен және Апостолдық кітапхананың басшысы Кардинал Жозе Толентино де Мендонсамен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне Рим Папасының қатысу мәселелері талқыланды.