Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне шақырылды

Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне шақырылды

Женева, 2022 жылғы 26 сәуір - Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының Бас хатшысы Қасиетті Анна Бургхардтпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына тұрақты қатысқаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында өтетін VII Съездің жұмысына қатысуға ресми шақыруын табыс етті.

Тараптар Съезд жұмысы жұмысы барысында діндердің, мәдениеттер мен өркениеттердің жаһандық диалогын ілгерілету жөніндегі беделді халықаралық алаңға айналғанын атап өтті. Оның алаңында түрлі дін өкілдері арасында байланыс орнатылып, нығайтылуда, бұл өз кезегінде сенім мен өзара сыйластықтың өсуіне ықпал етеді. Форум өркениеттердің жаһандық диалогының маңызды бөлігіне айналды.

Сонымен қатар, Елші Қазақстанда басқа ірі діндермен бірге алғаш рет 1957 жылы тіркелген Лютеран шіркеуінің үлкен қауымы да бар екенін хабардар етті. Осыған байланысты Ә.Бақаев Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы Бас хатшысының Съезд жұмысына қатысуы және оның сапары Қазақстан лютерандары арасында үлкен оң резонанс тудыратынын атап өтті.

Өз кезегінде, осы лауазымдағы алғашқы әйел А.Бургхардт Дүниежүзілік Лютеран Федерациясы Съездің жұмысын мұқият қадағалап отырғанын және алдағы іс-шараға жоғары деңгейде қатысуға мүдделі екенін атап өтті.