
2022 жылғы 21 сәуір, Вадуц - Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев Ландтаг Төрағасы А.Фрикпен екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту және парламентаралық байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін талқылау үшін кездесті.
Сонымен қатар, Елші сұхбаттасын елімізде болып жатқан үдерістер туралы, соның ішінде «Жаңа Қазақстанды» терең жаңғыртуға және құруға бағытталған ауқымды саяси реформалар туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақстандық Елші Лихтенштейннің Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары, Сыртқы істер, Мәдениет, отбасы істері және тең мүмкіндіктер жөніндегі экс-министрі Рита Кибер-Бекке «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті. Р.Кибер-Бек оның екіжақты байланыстарды нығайтуға бағытталған қызметіне Қазақстан жоғары баға бергені үшін алғысын білдірді.
Анықтама: Қазақстан Республикасы мен Лихтенштейн князьдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 2007 жылғы 30 тамызда вербалды ноталармен алмасу арқылы орнатылды.