
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «sanaq.gov.kz» интернет-порталы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық санағын өткізу мерзімі 2021 жылдың 8 қарашасына дейін ұзартылды.
Санақтан өтуге жататын азаматтар!
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және Швейцарияда уақытша (санақ кезеңінде) ұзақ мерзімді (12 айдан астам) іссапармен (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) болған Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Швейцарияға 12 айдан аз қысқа мерзімді іссапармен, келісім-шарт бойынша жұмысқа, оқуға (оның ішінде «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша студенттер – олардың елде болмаған мерзіміне қарамастан) және басқа да себептермен (қонақ, емделу, демалу және т.б.) шыққан Қазақстан азаматтары.
Құрметпен, Қазақстан Республикасының
Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі