
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі Швейцарияның неміс кантондарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тыс консулдық консультацияларды өткізуді жоспарлануда. Консультациялар Цюрих қаласында 2021 ж. 28-29 қазан аралығында өтеді.
Маңызды!
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның Берндегі Елшілігіне бара алмайтын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін консультацияларды жүргізу және консулдық қызметтерді көрсету.
Цюрихте орын алатын консулдық консультациялар шеңберінде Елшіліктің консулдық бөлімі Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері көрсететін келесі мемлекеттік қызметтер бойынша құжаттарды қабылдайды:
- Қазақстан Республикасының ресми құжаттарына апостиль қою;
- Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасау;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою;
- Құжаттарды талап ету.
Консулдық консультациялардың шектеулі уақытын ескере отырып, қатысқысы келетіндердің барлықтарыңызды келесі сілтеме бойынша жазылуды сұраймыз:
https://forms.gle/qnv1Ss3naXZfWvm49
Іс-шараның нақты уақыты мен орны туралы ақпарат Қазақстан Елшілігінің сайтында және әлеуметтік парақшаларында бір апта бұрын жарияланады.
Құрметпен, Қазақстан Республикасының
Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі.