"Run for Kazakhstan"

"Run for Kazakhstan"
«Birlik» қазақ-швейцариялық қауымдастығы Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің қолдауымен Клотенда (Цюрих маңы) Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған диаспора арасында «Run for Kazakhstan» марафонын өткізді.
Марафонға Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев, «Birlik» басшылығы, сондай -ақ Швейцарияның әр аймағынан келген жерлестер қатысты. Марафон қазақ әндерін орындаумен, ұлттық ойындарымен, атап айтқанда, қанат тарту, асық және т.б. жалғастырылды. Іс-шара бірлік пен қуаныш атмосферасында өтті.