KazAID пен Швейцарияның даму және ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (SDC) дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен келешегін талқылады

KazAID пен Швейцарияның даму және ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (SDC) дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықтың  мүмкіндіктері мен келешегін талқылады

Берн қ., 2021 жылғы  30 сәуір, - Қазақстан және Швейцария дипломаттары мен сарапшылары Орталық Азиядағы дамуға ресми көмек саласының басым бағыттары бойынша өзара әрекеттесуге мүдделі.

ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өткен бейнеконференцияға ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов, ҚР Швейцариядағы елшісі Әлібек Бақаев пен KazAID агенттігінің өкілдері, сондай-ақ Швейцарияның даму және ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (Swiss Agency for Development and Cooperation – SDC) Еуразия басқармасының басшысы Урсула Лаубли және SDC-дің Орталық Азиядағы су жөніндегі арнайы өкілі Ги Бонвин қатысты.

Бейнеконференция барысында швейцарлық тарапқа KazAID агенттігінің қызметі мен негізгі бағыттары таныстырылды. Тараптар Орталық Азия аймағында өзара теңдік пен көршілес елдердің тұрақты дамуына ресми көмек көрсетуді көздейтін KazAID агенттігінің негізгі бағыттары саналатын білім беру, су ресурстары менеджменті, гендерлік теңдік пен климаттың өзгеруі сынды тақырыптарға ерекше тоқталып, Орталық Азия аймағында дамуға ресми көмек саласында өзара тиімді әрекеттесу мәселелерін талқылады.

Бейнеконференция соңында тараптар су ресурстары менеджменті Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына тікелей әсер ететін негізгі мәселе екендігіне тоқталып, дамуға көмек көрсету саласы бойынша жобалар мен шараларға белсене қатысу арқылы тәжірибе алмасып, аталған мәселелер бойынша алдағы уақытта өзара ынтымақтасуға уағдаласты.