
Веве (Швейцария), 2021 жылғы 20 сәуір – Швейцариядағы Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаевтың швейцариялық деректі кинорежиссері Евгений Чаплинмен – атақты Чарли Чаплиннің ұлы - «Chaplin’s World» мұражайы мен отбасылық үйінде кездесу өткізді .
Тараптар цирк өнері саласындағы ынтымақтастықтың мүмкін жолдарын, деректі жобаларды, сондай-ақ Евгений Чаплиннің 2022 жылы Нұр-Сұлтанда өтетін 13-ші Халықаралық «Азия жаңғырығы» цирк фестиваліне қазылар алқасы ретінде қатысуын талқылады.
Елші Әлібек Бақаев 2022 жылы 50 жасқа толатын Қазақстандағы цирк өнерінің дамуы туралы айтып, «атпен жүру», «Ер Төстік» лазерлік шоуы және тағы басқа Қазақ циркінің нөмерлері еуропалық көрермендердің үлкен қызығушылығын тудыруы мүмкін екенін атап өтті.
Евгений Чаплин Қазақстанға 2019 жылы 12-ші Халықаралық «Азия жаңғырығы» цирк фестиваліне келген болатын. Қазақ циркінің дамуын және фестивальдің сәттілігін жоғары бағалай отырып, ол Қазақстанға тағы да келуге ниет білдірді.