
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі Швейцарияның федералды органдары мен Берн Кантонының билігі 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы үшін сайлау учаскесін ашуды мақұлдағанын хабарлайды.
Осыған байланысты Швейцария Федералды Кеңесі мен Берн кантондық үкіметі бекіткен барлық санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аударылатынын хабарлаймыз. Швейцарияның уәкілетті органдары бекіткен нормалар да Қазақстан Елшілігі үшін маңызды және міндетті болып қалады.
Швейцарияның Берн қаласындағы №248 сайлау учаскесіндегі міндетті нормалар:
Швейцария Конфедерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі келесілерді қамтамасыз етеді:
Қазақстан Республикасының Елшілігі барлық тұлғаның денсаулығын барынша қорғау арқылы Қазақстан Республикасының азаматын сайлау құқығын пайдалану мүмкіндігін ұсынуға қуанышты!
Назар аударыңыз: № 248 сайлау округінің сайлау комиссиясының мүшелері сайлау күні басталғанға дейін дауыс беруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарымен байланыс орнатып, Елшілікте қарастырылған санитарлық нормалар туралы хабардар етеді және туындаған сұрақтарға жауап береді!