
Құрметті сайлаушылар!
2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.
ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «Nur Otan» партиясы - 126 адам; «ADAL» Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы» - 113 адам.
Партиялардың сайлау алдындағы бағдарламалары мен кандидаттарының тізімдері туралы мәліметтермен қоса беріліп отырған кестедегі партиялар сілтемелер бойынша танысуға болады.
Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің телефоны +41 31 310 14 70 бойынша және consul.ch@mfa.kz электрондық пошта арқылы біле аласыз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 10 қаңтар 2021 жылы Melchenbühlweg 79, CH-3006 Bern мекенжайында, No 248 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.