Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев 2020 жылы отандастарымен қорытынды кездесу өткізді. Кездесуге 2020 жылғы мамыр айында құрылған «Бірлік» қазақ-швейцария қауымдастығының басшылығы мен мүшелері қатысты.

Пандемияға қарсы Швейцария Федералдық Кеңесінің шектеу шараларына байланысты дөңгелек үстел онлайн режимінде өтті.

Диаспора мен Отан арасындағы байланысты сақтау мен дамытудың маңыздылығын ескере отырып, мұндай кездесулер дәстүрге айналды.

Бұған дейін мұндай кездесулер 2019 жылғы 28 қазанда және 7 желтоқсанда Цюрих және Берн қалаларында, сондай-ақ 2020 жылғы 26 қыркүйекте Женева қаласында өткізілген.

Іс-шара барысында диаспора өкілдері Елшіліктің жұмысымен, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерімен, біздің елдегі еріктілер жылының нәтижелерімен танысып, алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы туралы негізгі ақпарат алды. Сонымен қатар, өтіп бара жатқан жылды белгілеген бірқатар мерейтойлардың қорытындылары шығарылды – бұл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 80 жылдығы.

Елші COVID-19 пандемиясының салдарынан 2020 жыл барлық елдер мен халықтар үшін оңай болған жоқ, дегенмен Швейцариядағы қазақ диаспорасы Отанынан қалыс қалмай, Қазақстанға көмек ретінде бірқатар гуманитарлық жобаларды жүзеге асырғанын атап айтты.

Кездесу барысында «Бірлік» қауымдастығының төрағасы Руслан Тоқболат сөз алып, пандемия басталған кездегі Қазақстанға гуманитарлық көмек жөніндегі қауымдастықтың жобалары туралы және осы жылы елшілікпен бірге жүзеге асырылған мәдени жобалар туралы айтып берді.

Алдағы жылы Елшілік қазақ диаспорасының қатысуымен бірқатар іс-шаралар жоспарлануда.