Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің Ұлы Магистрдің лейтенанты Фра Марко Луцзагоға сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің Ұлы Магистрдің лейтенанты Фра Марко Луцзагоға сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Бақаев Римде Мальтаның Егемендік орденінің басшысы Марко Луцзагоға сенім грамоталарын тапсырды.

Келіссөздер барысында тараптар денсаулық сақтау және гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Өзінің құттықтау сөзінде Ұлы Магистрдің лейтенанты Фра Марко Луцзаго Қазақстанның жоғары басшылығына өзінің құттықтауын жеткізіп, гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі кеңеюіне үміт білдірді. Сонымен қатар, Мальтаның Егемен орденінің басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға ниет білдірді.

Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденімен дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 4 ақпанда орнатылды.