Меню

Страницы

Статья

Апостильдеу

"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" (Қазақстан 1961 жылғы 5 қазандағы заңдастырудың күшін жою туралы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылады) мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды екі данада (түпнұсқа + көшірме) ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгінуіңіз керек:

1) бекітілген нысан бойынша апостиль қоюға арналған өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) апостиль қойылатын құжат (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме);

4) 35 швейцар франкі көлеміндегі консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасы;

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілінен сұрау түскен жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Қазақстан Республикасына апостиль қоюға жіберілген құжаттарды өңдеу уақыты - 3 ай.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:бекітілген нысан бойынша қажетті қағаз құжатқа «Апостиль» мөртабанын қою.  

Елшіліктің консулдық алымдарды төлеуге арналған банктік реквизиттері

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.

Құжаттарды қабылдау 09:00-ден 12:00-ге дейін, құжаттарды беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен жұмаға арылығында (сәрсенбі және демалыс күндерін, сондай-ақ мерекелік күндерді қоспағанда) 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Елшілігінде алу үшін алдын ала онлайн брондау қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ интернет-ресурсы арқылы алуға болады. 

Телефон: +41 31 310 14 75/73; E-mail: consul.ch@mfa.kz

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз. 

Дата публикации
05 марта 2020
Дата обновления
05 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
31 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
31 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
31 марта 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram Channel

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары