Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық
Швейцария - ұзақ мерзімді экспорттық қызығушылық тудыратын елдер қатарына кіреді (ҚР Ұлттық экспорттық стратегиясы, 2018-2022 жж.).
| Екіжақты тауар айналымы, USD, млрд., stat.gov.kz. | |||||
| 2018 ж. | 2019 ж. |
Қаңтар-тамыз 2020 ж. |
|||
| 3,077 | 2,812 | 1,164 | |||
| Экспорт | Импорт | Экспорт | Импорт | Экспорт | Импорт |
| 2,900 | 176,5 | 2,678 | 134,4 | 1,952 | 112,1 |
| ТШИ, USD, млрд., stat.gov.kz. | |||||
| 2005-2019 | 2019 |
2020 алғашқы жартыжылдығы |
|||
|
Кіруі |
Кетуі |
Кіруі |
Кетуі |
Кіруі |
Кетуі |
|
25,457 |
828,1 |
2,246 |
10,6 |
688,9 |
1,9 |
Қазақстан экспортының негізгі тауарлары: энергетикалық ресурстар, асыл тастар мен металдар, зергерлік бұйымдар, көмір, мыс, алюминий, бидай, зығыр тұқымдары және спирт.
Қазақстан импортының негізгі тауарлары: фармацевтика, сағат, машина жасау, ауылшаруашылық және химия салалары, асыл тастар мен металдар, зергерлік бұйымдар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің статистикалық мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында Швейцария капиталының қатысу дәрежесі әртүрлі 280-ге жуық заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер жұмыс жасайды, оның ішінде: ABB (энергетика саласындағы технологиялар), Bühler (тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтар), Nestlé (тамақ өнеркәсібі), Roche және Novartis (фармацевтика), Clariant (химия өнеркәсібі), Syngenta және Swissgrow (агрохимия), Glencore (тау-кен өнеркәсібі), Philip Morris Intl.және Japanese Tobacco Int. (темекі өнеркәсібі), UBS (қаржылық қызметтер), Sika (құрылыс материалдары), Mabco Construction (құрылыс), SGS (сертификаттау), ENCE (инжиниринг) және т.б.
2018 ж. 11 шілдеде Іскерлік кеңесінің кездесуі өтті. Тең төрағасы «Stadler Rail Group» Директорлар кеңесінің төрағасы, «PCS Holding» компаниясының иесі П.Шпулер болды.
2019 ж. 28 қазанда Берн қаласында Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кездесуі өтті. Тең төрағалары ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов пен Сауда келісімдері жөніндегі федералды кеңестің уәкілі Э.Боллингер болды.