Меню

Страницы

Статья

Швейцариядағы Халықаралық кинофестиваль: қазақстандық фильм "Күміс леопардпен" марапатталды

14 тамызда режиссер Жаннат Алшанова түсірген қазақстандық «Өркениет тарихы» фильмі Локарнодағы (Швейцария) кинофестивальде «Күміс леопард» сыйлығын алды.

2020 жылы Локарно басқа кинофестивальдер сияқты пандемия жағдайына бейімделуге тырысты. Тамыз айында Швейцария билігі көрермендер фестивальге таңдалған фильмдерді көре алатын кинотеатрлардың ашылуына рұқсат бергеніне қарамастан, негізгі бағдарлама онлайн тәртіпте өткізілді.
⠀
Сондай-ақ, толық метражды фильмдердің конкурстық бағдарламасынан бас тарту және 59 минуттық фильмдерді ғана шақыру туралы шешім қабылданды - Парди ди Домани (ертеңгі фильмдер). Осылайша, фестиваль жас режиссерлерге қолдау білдіретін болды. Парди-ди-Домани бағдарламасында 2200 фильм қаралды, оның ішінде конкурстық бағдарламаға 34 елден 43 жұмыс таңдалды.

Сонымен қатар, «Арғы күнгі фильмдер» бағдарламасы құрылып, оған пандемияға байланысты түсірілімдерін тоқтатуға мәжбүр болған көркем фильмдер жобалары кірді.

«Өркениет тарихы» қысқа метражды фильмі өткен жазда Алматыда түсірілген. Басты рөлдерді фильмнің музыкасын жазған композитор Ақмарал Зықаева (Мерген) мен суретші Айдар Әлімбаев ойнады. Екеуі үшін бұл фильм актерлік дебют болды. Португалиялық Леандро Ферран фильмнің қоюшы операторы болды.

Жаннат үшін бұл Локарно фестиваліне қатысудың үшінші жылы. 2018 жылы фестивальдің басты конкурстық бағдарламасына Жаннат тең продюсерлердің бірі болған «Біз алғысымызды айтамыз» (Оңтүстік Африкада өндірілген) көркем фильмі таңдалды. 2019 жылы Жаннат Лакарнодағы Бела Таррдың режиссерлық шеберханасына қатысу үшін таңдалды, онда «Паола тілек айтады» фильмі түсірілді. Әлемдік премьера 2019 жылы Локарно қаласында өтіп, ал 2020 жылдың қаңтарында фильм "Sundance" фестивалінің басты байқауына қатысты. ⠀

Ақпарат көзі: Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы, https://tengrinews.kz/ 

Дата публикации
16 августа 2020
Дата обновления
16 августа 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
31 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
31 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
31 марта 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram Channel

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары