Биыл көрнекті қазақстандық қоғам қайраткері, ғалым-мәдениеттанушы, шығыстанушы және түркітанушы, жазушы Мұрат Әуезовтің 80 жылдығы кеңінен аталып өтілуде.
Мұрат Әуезовтің шығармашылығы мен ғылыми еңбектері Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі.
Мұрат Әуезов көркемдік үдерістің теориясы мен тәжірибесі бойынша 200-ден астам жарияланымдардың, сондай-ақ «Времен связующая нить» (1972), «Иппокрена. Хождения к колодцам времен» (1997) және «Уйти, чтобы вернуться» (2002) секілді танымал монографиялардың авторы.
Жазушының өз еңбектеріндегі басты ойы көрші елдердің мәдени интеграциясы болып табылады. Мұрат Әуезовтің ұстазы оның әкесі –көрнекті қазақ әдебиетінің жазушысы, ғалым Мұхтар Әуезов, қазақтың тұңғыш «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы болды.