«BASF SE» аса ірі химиялық концернімен ынтымақтастық мәселелері ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігінде өткен кездесуде талқыланды

«BASF SE» аса ірі химиялық концернімен ынтымақтастық мәселелері ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігінде өткен кездесуде талқыланды

БЕРЛИН, 2020 жылғы 16 қыркүйек – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Д. Кәріпов «BASF SE» концернінің Ресей және ТМД елдері аймағы бойынша Вице-президенті Кристоф Рёригпен және концерннің Берлиндегі бюросының Орынбасары Кристина Гоммлихпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық пен  түрлі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады. Дипломатиялық өкілдік басшысы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсанда және 2020 жылғы ақпанда ГФР-ға жасаған сапарлары барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асу барысы туралы хабарлады. Одан басқа, неміс капиталы қатысатын инвестициялық жобаларды қолдау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Р. Скляр басшылық ететін неміс инвесторларымен жұмыс жөніндегі арнайы үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Бұл ретте Р. Скляр ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша неміс іскер топ өкілдерімен ай сайын онлай-кездесу өткізіп тұрады.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастыққа қатысты ақпарат алмасып тұруға және бірлескен іс-шараларға қатысуға келісті.

 «BASF SE» –  әлемдегі аса ірі химиялық концерн. 2019 қаржылық жылдағы жылдық айналымы 59,3 млрд. еуроны құрады. Концернде 122 мыңға жуық қызметкер еңбек етеді. 1992 жылдан бастап ҚР-да компанияның өкілдігі жұмыс істейді. «БАСФ Орталық Азия» ЖШС ҚР-да құрылыс және тау-кен химиясы саласында қызмет етеді, өсімдіктерді қорғау құралдарын, көбікполистирол және полиуретан жүйелерін, газ тазалау процестеріне арналған химикаттар шығарумен және оларды өткізумен айналысады. ҚР-дағы «BASF» кәсіпорнындарында 120-ға жуық қызметкер еңбек етеді. 2019 жылдың қорытынды бойынша сатылым көлемі 52 млн. еуроны құрады.