
БЕРЛИН, 11 қыркүйек 2020 ж. – Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «MDX International GmbH» компаниясының басқарушы акционері, доктор Герд Рагермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласын цифрландыру және жаңғырту, озық технологиялар мен телемедицинаны енгізу, бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу және кәсіби кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«MDX International GmbH» – мамандандырылған медициналық қызметтер мен Еуропадағы танымал клиникаларда емдеуді жүзеге асыратын жеке медициналық компания.