ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Internationale ländliche Entwicklung e.V.» қоғамдық ұйымының басқармасымен кездесті

ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Internationale ländliche Entwicklung e.V.» қоғамдық ұйымының басқармасымен кездесті

БЕРЛИН, 2020 жылғы 10 қыркүйек – ҚР-дың ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Internationale ländliche Entwicklung e.V.» (Халықаралық аймақтық даму) қоғамдық ұйымы басқармасының Төрағасы, ГФР Бундестагының бұрынғы депутаты Генрих Цертикпен, оның орынбасары Вальтер Гаукспен және ұйымның басқа да қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында «ILE e.V.» ұйымымен ынтымақтастық, оның ішінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру, қазіргі уақытта ГФР-да тұрып жатқан бұрынғы қазақстандықтардың қатысуымен өтетін іс-шаралар, сондай-ақ ГФР мен ҚР делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру перспективалары талқыланды.

 «ILE e.V.» ұйымы – 2018 жылы құрылғаннан бастап, Елшіліктің ГФР-дағы қазақстандық жерлестер өкілдерінің қатысуымен өтетін бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудағы серіктестерінің бірі. Қауымдастық қызметі тарихи отанынан келген бұрынғы отандастары қатарындағы ГФР азаматтарының экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарын сақтау және дамытуға бағытталған. Өз қызметі аясында қауымдастық бірлескен жобаларды жүзеге асыру, серіктестік қатынастар орнату, байланыстармен алмасу, форумдар, көрмелер, семинарлар, оқу курстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады.