
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Ганновер қаласындағы ҚР Құрметті консулдығы 2025 жылғы 1 наурыздан бастап консулдық қызмет көрсетуді тоқтататынын хабарлаймыз.
Төменгі Саксония, Гамбург, Бремен және Шлезвиг-Гольштейн федералдық жерлерінің тұрғындары үшін консулдық қызметтерді қайта бастау туралы қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған федералдық жерлерінің тұрғындарына консулдық мәселелер бойынша Берлиндегі ҚР Елшілігінің консулдық бөліміне немесе Бонндағы ҚР Елшілігінің бөлімшесіне тікелей жүгінуге болады. Бұл жағдайда консулдық қызметтер үшін төлемдерді тиісті мекеменің (Берлин немесе Бонн) шотына төленуі керек!
ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес, төленген консулдық алым сомалары қайтарылуға жатпайды.