Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен 100-ге жуық неміс компанияларының басшыларының қатысуымен кезекті онлайн-кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен 100-ге жуық неміс компанияларының басшыларының қатысуымен кезекті онлайн-кездесу өтті

БЕРЛИН, 26 ТАМЫЗ 2020 ж. – Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр мен неміс компаниялары басшыларының қатысуымен кезекті онлайн-кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Германия экономикасы шығыс комитетінің қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылған шара жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы қазақстан-герман ынтымақтастығын тереңдетуге арналды. Бұл бағыттағы белсенді жұмыс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Германияға сапары аясында 2012 жылғы 8 ақпанда қол қойылған «Қазақстан мен Германия арасындағы шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы серіктестік туралы» үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылады.

Онлайн жиналысқа 100-ге жуық Германияның жетекші компанияларының, соның ішінде Volkswagen, Siemens, Linde, Schaeffler, Knauf, Lufthansa, SMS group, DMT және басқа компания өкілдері қатысты.

Қазақстандық тарап инфрақұрылым және индустриалды даму вице-министрі Р.Баймышев, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Брекешев деңгейінде болды. Сондай-ақ, тау-кен металлургия саласындағы өңірлердің инвестициялық әлеуеті туралы Павлодар және Қарағанды ​​облыстары әкімдерінің орынбасарлары С.Шаяхметов пен А.Әбдіқадыров баяндама жасады. Сондай-ақ, бейнеконференцияға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығы қатысты.

Өз сөзінде Р.Скляр Қазақстан үкіметінің геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, инвесторлар үшін нарықтық жағдай жасауға, саланың кәсіби және технологиялық деңгейін көтеруге бағытталған реформалары туралы хабарлады. Ол сонымен қатар Қазақстан Республикасында дағдарыстан кейінгі даму жағдайында Қазақстан экономикасын әртараптандыру және қолда бар қуатты шикізат базасы негізінде жаңа өнеркәсіптік өндіріс құру мәселелеріне ерекше назар аударылатындығын атап өтті.

Герман тарапынан Федералды үкіметінің шикізат саласындағы ынтымақтастық жөніндегі уәкілі Томас Гэкле Қазақстан Республикасы мен Германия арасындағы жан-жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге ол Қазақстан Германияның Орталық Азия аймағындағы басты серіктесі болып табылатынын айта кетті.

Онлайн кездесу барысында Германия Индустрия Федерациясы (BDI) басшылығының өкілі Маттиас Вахтер, Hermann Paus Maschinenfabrik GmbH басқарушы директоры Франц-Йозеф Пауз және Қазақстандағы ЕҚДБ басшысы Агрис Преиманис тау-кен металлургия саласын дамыту перспективаларына және екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетіне, бірлескен жобаларды іске асыру және оларды қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Желідегі кездесу барысында неміс компанияларының назарына Қазақстан Республикасының 2021 - 2025 жылдарға арналған Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасы ұсынылды, ол жақын арада мақұлданатын болады.

Веб-конференцияның соңында сұрақ-жауап талқылауы өтіп, оның барысында қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруға қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Кезедесу барысында бірқатар практикалық мәселелер талқыланып, келешекте осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге бойынша келісімге келді.