
21 тамыз 2020, Детмолд, Аугустдорф, Лаге (Липпе) қ. - Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Д.Кәрипов Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жеріне жұмыс сапарымен барып, шағын және орта бизнес басшылары - «HM Hafner Metallbearbeitung GmbH & Co.KG» (металл өңдеу), «Friman Estrichmaschinen» (құрылыста қолданылатын машиналарды өндіру) және «Schulz-Bauelemente» (есіктер мен терезелер өндірісі) компанияларымен кездесу өткізді. Бұл кәсіпорындарды Қазақстан Республикасынан келген бұрынғы отандастар басқаруда.
Кездесулер барысында дипломатиялық миссияның басшысы 200 мыңнан астам адам тұратын Қазақстандағы неміс қауымдастығы және Германиядағы миллионға жуық бұрынғы отандастар екі ел арасындағы «тірі көпір» және екіжақты қатынастардың үдемелі дамуының кепілі болып табылатындығын атап өтті. Әңгіме барысында ол Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың жетекшілігімен неміс инвесторларымен жұмыс жасау үшін құрылған арнайы жұмыс тобының қызметі туралы, сонымен қатар Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда неміс бизнесінің айрықша шарттары туралы хабарлады.
Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Д.Кәріповтың және 30-дан астам бұрынғы отандастарымыздан құрылған Германия Федеративтік Республикасының шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Өз сөзінде Д.Кәріпов Қазақстан мен Германияны көптеген бірлескен жобалар байланыстыратынын атап өтті. Германия үшін Қазақстан - Орталық Азия аймағындағы ең маңызды сауда серіктесі. Қазақстанға салынатын германдық инвестициялардың 90% шикізат емес секторға тиеслі. Елші Қазақстан мен бұрынғы отандастар арасындағы тарихи байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті және неміс бизнестерін Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шақырды.
Дөңгелек үстел барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Германиядағы өкілі А.Тумышева Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы және инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар туралы ақпарат берді.
Дөңгелек үстел соңында оның қатысушылары Қазақстан Республикасының инвестициялық климатына және Қазақстан Республикасының экономикасындағы ШОБ рөліне қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Шараға қатысушылар мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізу жөнінде уағдаласты.