Қазақстанның «Siemens» концернімен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярмен және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаевпен онлайн-кездесу барысында талқыланды

Қазақстанның «Siemens» концернімен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярмен және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаевпен онлайн-кездесу барысында талқыланды

БЕРЛИН, 19 тамыз 2020 ж. – Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша және Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастырушылық қолдауымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев «Siemens» концернінің басшылығы, оның ішінде «Siemens Energy» Басқармасының Төрағасы Кристиан Брухпен, «Siemens Advanta» басшысы Aймерик Саррацинмен, Ресей, Беларусь және Орта Азиядағы «Siemens» компаниясының президенті Александр Либеровпен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн-кездесуге сонымен қатар цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш, энергетика, өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту, білім және ғылым вице-министрлері, ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның, «KEGOC» АҚ-ның, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның, сонымен қатар Siemens аймақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Siemens AG» президенті Джо Кэзермен 2020 жылы 15 ақпанда Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында өткен кездесулеріндегі қол жеткізілген келісімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Siemens AG» арасындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр мен Ресей, Беларусь және Орта Азиядағы «Siemens» президенті А. Либеровтің 2020 жылғы 14 ақпанда қол қойған өзара түсіністік туралы меморандум ережелерінің орындалуы болды.

Кездесу аясында өнеркәсіп, энергетика және жаңартылатын энергия, денсаулық сақтау салаларын цифрландыру және автоматтандыру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы пікір алмасу өтті. Кездесу барысында техникалық персоналды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын ұйымдастыруда концерннен мүмкін болатын көмекке ерекше назар аударылды. Кездесу барысында қазақстандық тарап «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың ағымдағы нәтижелері және «жасыл» технологияларды енгізу мен «жасыл» экономикаға көшу бойынша кешенді шаралар туралы баяндады.

Тараптар қазақстандық мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және экономиканың түрлі салаларындағы бірігіп жұмыс жүргізуге ықпал ететін осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге келісті.

Siemens AG - 170 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан әлемдік жетекші технологиялық топ. Компания 190-ден астам елде ұсынылған және өнеркәсіпте электрлендіру, автоматтандыру және цифрландыру сияқты салаларға мамандандырылған. Жеке басқарылатын «Siemens Energy» және «Siemens Mobility» компаниялары арқылы концерн энергетикалық жүйелер, сонымен қатар жолаушылар мен жүк тасымалы үшін әлемдік нарық қалыптастырады. 2019 қаржы жылында Топ айналымға 86,8 млрд еуро және таза пайда 5,6 млрд еуро мөлшеріне қол жеткізді. Компанияда бүкіл әлем бойынша 385 мың адам жұмыс істейді.

Осы жылы Siemens-тің энергетикалық бизнесінің өркендеуінің нәтижесінде жаңа ғаламдық «Siemens Energу» компаниясы құрылды. 2020 жылдың қыркүйегінде жоспарланған листингтің нәтижесінде «Siemens Energу» тәуелсіз компания болады. «Siemens Energу» өнімдері, шешімдері мен технологиялары мұнай мен газды өндіру, өңдеу және тасымалдау, орталық және таратылған ЖЭО-да энергияны және жылу беру мәселелерін шешуге арналған. Сонымен қатар «Siemens Energу» энергияны түрлендіру технологиялары, сақтау және сектораралық шешімдерді де ұсынады. «Siemens Gamesa Renewable Energy» компаниясындағы үлестің көп бөлігі болашаққа көзқарасы бар өнімнің толық портфелін құруға мүмкіндік береді. «Siemens Energу» ғаламдық энергетикалық жүйені декарбонизацияның көшбасшысы болуға ниетті. 2020 жылы мамырда Кристиан Брух Президент және Басқарма төрағасы болып тағайындалды.