
Берлин,2024 жылғы 4 желтоқсан - Германия Бундестагында Қазақстандағы су ресурстарын басқарудың қазіргі мәселелері мен 2024 жылғы су тасқынына арналған жоғары деңгейдегі «2024 жылғы су тасқыны және Қазақстандағы су ресурстарын басқарудың қазіргі мәселелері» атты Су конференциясы өтті. Бұл шара Германия-Қазақстан қоғамы мен неміс депутаттарының қолдауымен, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің көмегімен ұйымдастырылды.
Шара барысында су тасқынының салдарын ескерту, апаттар мен су тасқынынан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық, Қазақстан мен Германияның халықты апаттар мен су тасқынынан қорғау жүйесін тиімді жасау бойынша өзара іс-қимылы, сондай-ақ ғылым, зерттеулер және су ресурстары саласындағы білікті кадрлар даярлау мәселелері талқыланған екі панельді сессия өтті.
Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов өз сөзінде еліміздің барлық қоғамының бірігуі мен шетелдік серіктестердің, соның ішінде Германияның қолдауы арқасында су тасқынының апатты салдарынан зардап шеккен елді мекендерді қысқа мерзімде толық қалпына келтіру және зардап шеккендерге көмек көрсету мүмкін болғанын атап өтті. «Қазақстанның жаңа су кодексі климаттық өзгерістерге бейімделу және қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан әзірленген, сондай-ақ су ресурстарының потенциалын сақтау, қоғамның су ресурстарын басқаруға қатысуын арттыру және цифрландыру мәселелерін қамтиды», - деп атап өтті өз сөзінде қазақстандық дипломат.
Германия Парламентінің депутаты Манфред Грунд Конференция қатысушыларын құттықтап, Қазақстандағы демократиялық өзгерістерді, соның ішінде Мажилис Парламенті қабылдаған жаңа су кодексін жоғары бағалады. «Бұл қадам елдің ресурстарын басқарудың жаңа векторын айқындайды», - деп атады өтті неміс депутаты.
Қазақстанның Су ресурстары және суару вице-министрі Аслан Абдраимов үкімет тарапынан жүзеге асырылып жатқан су қоймаларын басқару, ерте су төгу жұмыстарын жүргізу және көктемгі су ағынын қабылдайтын резервті босату бойынша ауқымды шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады. «Дамбы сияқты қорғаныс құрылғыларын нығайту және негізгі нысандардағы жөндеу жұмыстары, елді мекендер мен маңызды инфрақұрылым нысандарының топан судан алып қалды», - деді вице-министр.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев өз сөзінде республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттар аясында су тасқынына қарсы кешенді шараларды жүзеге асыруға тоқталды. Германиялық серіктестердің азаматтық қорғау және су тасқынының алдын алу саласындағы ынтымақтастығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Германия Федералды ішкі істер министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы декларациясы мен Меморандумға аясында көмектескен неміс әріптестерге алғыс айтылды.
Қазақстан мен Германияның су саласындағы сарапшыларының қызу пікірталасы барысында коммуналдық инфрақұрылым, су пайдалануды реттеу, су ресурстарын басқарудың экономикалық құралдарын қолдану арқылы су үнемдеуді ынталандыру, сондай-ақ білім беру, ғылым және зерттеулер саласындағы тығыз ынтымақтастыққа екі елдің де қызығушылығының жоғары екендігі айтылды.