Берлинде XI студенттік форум өтті

Берлинде XI студенттік форум өтті

Берлин, 2024 жылғы 29 қазан - Қазақстанның Германиядағы Елшілігі Берлин Еркін университетімен бірлесіп, екі елдің мәдени-білім беру ынтымақтастығындағы жарқын оқиғаға айналған кезекті ХІ Студенттік форумын ұйымдастырды. «Білім біріктіреді. Ортақ болашақ» ұранымен өткен іс-шара білім және ғылым саласындағы екіжақты байланыстарды дамытуға және нығайтуға арналды.

Қазақстандық студенттермен қатар неміс әріптестерінің, профессорлар мен Германия студенттерінің студенттік форумына қатысу жақсы дәстүрге айналуда.

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов өз сөзінде қатысушыларға Білім және ғылым саласындағы өзекті реформалар, сондай-ақ ҚР мен ГФР-дың білім және ғылым саласындағы ағымдағы екіжақты ынтымақтастығы туралы толық ақпарат берді

Берлин Еркін университеті жанындағы Шығыс Еуропа институтының Шығыс және Орталық-Шығыс Еуропа тарихының профессоры Роберт Киндлер Орталық Азия өңірі елдерінің тарихын зерделеу жөніндегі өзінің ғылыми қызметінің нәтижелері және Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері туралы айтып берді. Екі елдің бейінді органдары мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше назар аударылды.

Роберт Киндлер Германияда қазақ тілін үйренуге мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығын және Берлиннің Еркін университетінде тиісті дәрісхана ашу қажеттігін атап өтті.

Берлин Еркін университетінің халықаралық бөлімінің басшысы доктор Герберт Грисхоп өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушылармен жалпы университет, оның интернационализациясы, Орталық Азиядағы қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, қазақстандық ғылыми-білім беру мекемелерімен ынтымақтастық құру жоспарына егжей-тегжейлі тоқталды.

«Сұрақ-жауап» форматы бойынша өткен пікірталас аясында бұрынғы ДААД стипендиаттары ұтқырлық бағдарламаларына қатысу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Қазақстан мен Германия арасындағы академиялық саладағы өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде ұсыныстар айтты.

Іс-шара соңында бірлескен фуршет өтті, оның барысында қатысушылар байланыс орнатып, өз әсерлерімен бөлісті.

Студенттік форумдарды Германияның жетекші университеттерімен бірлесіп өткізу тәжірибесі, ең алдымен, Қазақстанға деген үлкен қызығушылықты көрсетеді және елдің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді