
Берлинде Қазақстан Республикасының күніне орай ресми қабылдау өтті.
Іс-шараға Бундестаг депутаттары, министрліктердің мемлекеттік хатшылары, Германия Федералдық Президенті мен Федералдық канцлері ведомстволарының және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, ГФР-да тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, неміс бизнесінің өкілдері мен сарапшылары қатысты.
Мерекелік қабылдаудың ашылуы дәстүрлі түрде Қазақстан мен Германияның мемлекеттік әнұрандарымен басталды.
ҚР Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру арқылы демократияны, экономикалық дамуды және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ұмтылатынын атап өтті. Сонымен, Елші еліміздегі әрбір маңызды шешімдерде қазақстандықтардың пікірі ескеріле отырып қабылданатынына тоқталып, қазан айында өткен Қазақстан Республикасында атом электр стансасын салу жөніндегі республикалық референдумды атап өтті.
Елші Онжанов Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың белсенді дамып келе жатқанын оң бағалады, бұған жоғары деңгейдегі қарқынды өзара сапарлар дәлел. Бір ай бұрын өткен Германия Федералдық Канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға ресми сапары да ерекше атап өтілді, оның барысында жалпы құны 6 миллиард доллардан асатын 40-қа жуық бірлескен құжатқа қол қойылды. Дипломат екі елдің ынтымақтастығы әртүрлі салалардағы стратегиялық және өзара тиімділікке негізделген дамудың сапалы жаңа сатысына көтерілгенін ерекше айтты.
Қабылдауда Германияның федералдық үкіметі атынан Экономика және климатты қорғау федералдық министрлігінің парламенттік мемлекеттік хатшысы Михаэль Кельнер сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Германия мен Қазақстан арасында сенімді қарым-қатынастың, сондай-ақ тең құқылы және өзара тиімді диалогтың қалыптасқанын ерекше атап өтті. Кельнер неміс және еуропалықтар үшін Қазақстан тек энергетика саласында ғана емес, жалпы алғанда маңызды орталық буын болып табылатынын айтты. Германия үшін Қазақстан Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі болып табылады.
Мемлекеттік хатшы шикізат саласындағы ынтымақтастықтың және жасыл сутегі өндірісін одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Ол Орта дәліздің ерекше маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның логистикалық әлеуеті зор екенін айтты.
Қазақстан халқын ұлттық мерекелерімен құттықтап, одан әрі өркендеу тіледі.
Мерекелік кеште өнер көрсеткен атақты қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк неміс жұртшылығының бірден көзайымына айналды. Кеш барысында қонақтар әншінің тамаша өнеріне тәнті болып, өз әсерлерімен бөлісті.
Қабылдау Қазақстан мен Германия арасындағы тығыз және достық байланыстарды растады.